01
мамыр
2024
Татулық пен достықтың мерекесі!
1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесін Медеу ауданының №5 Оқушылар үйі жоғары деңгейде атап өтті. Қызылды-жасылды,әр ұлттың кимін киінген қала тұрғындары мен қонақтары таң азанымен «Орталық демалыс »саябағындағы думанды шараға ағылып келе бастады. Мерекеге жиналған көпшілікті сахна үстінде №5 Оқушылар үйі өнерпаздары құттықтады. «Құрметті қала тұрғындары ! Сіздерді достығымыз бен татулығымызды, бейбітшілігіміз бен мызғымас тұрақтылығымызды білдіретін айтулы мереке – 1 Мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

